Сайт
ағылшын тілін үйренуге арналған материалдар мен ресурстар

Ағылшын тілінің анықталмаған артиклі (Indefinite Article)

а анықталмаған артиклі дауыссыз дыбыстан басталатын сөздің алдында қолданылады, ал an анықталмаған артиклі -керісінше, дауысты дыбыстан басталатын сөздің алдында қолданылады.     Мысалы:
    Our town has a theatre, a university, a large park and, a conference hall.
    Біздің қалада театр, университет, үлкен саябақ және мәжіліс залы бар.

    Many Chinese still believe an Englishman always carries an umbrella.
    Көптеген қытайлар әлі күнге дейін британдықтар әрқашан қолшатыр алып жүреді деп санайды.

    It's an old custom.
    Бұл ескі әдет.

    It's a strange old custom.
    Бұл біртүрлі ескі әдет.

A немесе an қолдану сөздің басталатын әрпіне емес, дыбысқа байланысты екенін ескеріңіз!

    Мысалы:
    The coastguard received an SOS.
    Құтқарушы SOS сигналын алды.

    He spent an hour standing in line.
    Ол бір сағат кезекте тұрды.

Анықталмаған a/an артиклін тек саналатын зат есімдердің алдында ғана қолдануға болады.

Анықталмаған артикль алғаш рет айтылған тақырыптың алдында қолданылады.

    Мысалы:
    I have two cars: a Ford and an Audi.
    Менде екі машина бар: Форд және Ауди.

Анықталмаған артикльді мамандық атауларының алдында қолданылуы керек.

    Мысалы:
    She is an architect and he is a doctor.
    Ол сәулетші, ал ол дәрігер.

Анықталмаған артикль сонымен қатар per сөзін сан, мөлшерлеме, жылдамдық және т. б. мағынасында алмастыра алады.

    Мысалы:
    He earns $200 a day.
    Ол күніне 200 доллар табады.

    She swims twice a week.
    Ол аптасына екі рет жүзеді.

    He drove at 60 miles an hour.
    Ол сағатына 60 миль жылдамдықпен жүрді.






© 2011-2022 English-help.kz Ақпаратты көшіру кезінде сайтқа жарамды еренсілтеме қажет.
Ағылшын тілін онлайн үйрену.
|